...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда есірткі әсеріндегі жүргізуші ұсталды: көлігінен 23 ыдыс табылды

Алматыда есірткі әсерінде болған жүргізушінің көлігінен есірткі заттары салынған бірнеше ыдыс пен пакет табылып, ол ұсталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық полицияның мәліметінше, тәртіп сақшылары Абай даңғылы мен Радостовцев көшесінің қиылысында Toyota Camry маркалы көлікті тоқтатқан.

Көлікті тексеру кезінде жүргізушіден есірткі заттары салынған орамалар табылған. Сонымен қатар көлік салонынан ұқсас құрамдағы 23 пластик ыдыс және жеті полиэтилен пакет анықталған.

Сот-медициналық сараптама ер адамның есірткі әсерінде болғанын растады.

Оның айтуынша, ол анаша қолданады және табылған заттарды жеке тұтыну үшін сатып алған.

Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды.