...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Спорт

Алматыда «Қайрат» — «Ордабасы» матчы алдында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Алматы қалалық полиция департаментінде «Қайрат» және «Ордабасы» командалары арасындағы футбол матчы өтетін кезеңде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Polisia.kz., деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Көрермендердің қауіпсіздігі, төтенше жағдайларға жедел ден қою және жанкүйерлердің спорт нысанында болуына қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Матч өтетін күні қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін екі мыңнан астам полиция қызметкері, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері және басқа да тартылған қызметтердің өкілдері қамтамасыз ететін болады.

Полиция департаменті жанкүйерлерді маршрутты алдын ала жоспарлауға, полиция қызметкерлерінің талаптарын және спорт нысандарындағы мінез-құлық ережелерін сақтауға, өзара құрмет көрсетуге және өз командаларын тек заң аясында қолдауға шақырады.

— Біз үшін басты міндет — футбол матчының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету және барлық көрерменге қолайлы жағдай жасау. Ұйымдастырушылармен және мүдделі қызметтермен бірлесіп, біз өзара іс-қимылдың барлық мәселелерін пысықтадық, іс-әрекет алгоритмдерін анықтадық және күштерді бөлдік. Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге екі мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылады. Жанкүйерлерді қоғамдық тәртіпті сақтауға, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға және өз командаларын өркениетті түрде қолдауға шақырамыз. Футбол спорт мерекесі болып қалуы керек, ал әрбір көрерменнің қауіпсіздігі — біздің сөзсіз басымдығымыз, — деп атап өтті Алматы қалалық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Премьер-лиганың 19-туры аясындағы «Қайрат» — «Ордабасы» матчы 26 шілдеде сағат 19:00-де Алматыдағы Орталық стадионда өтетінін еске салайық.

Дереккөз: Inform.kz