...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қаржы

Алматыда электр энергиясы тарифін 20 тамыздан көтеру жоспарлануда

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ филиалы – «Энергосбыт» Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментіне электр энергиясына жаңа шекті баға жобасын келісуге жолдады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Егер жоба мақұлданса, өзгерістер 2026 жылғы 20 тамыздан бастап күшіне енеді. Шекті тариф ҚҚС-сыз 1 кВт·сағ үшін 39,36 теңге мөлшерінде белгіленуі ұсынылып отыр.

Компанияда тариф жобасы әзірге түпкілікті емес екенін атап өтті. Шекті бағаның түпкілікті мөлшері Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің сараптамасы мен келісімінен кейін анықталады.

Дереккөз: Zakon.kz