2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 24 634 жеңіл электромобиль тіркелген. Соңғы 12 айда олардың саны 55,6%-ға өскен. Бір жыл бұрын елде 15 835 электрокар болған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Электромобильдердің ең үлкен паркі Алматыда шоғырланған, оған елдегі барлық тіркелген электрокарлардың 62%-ы тиесілі. Қалада 15 280 мұндай автомобиль бар. Үштік көшбасшылар қатарына сондай-ақ 2 885 электромобилі бар Астана және 1 589 бірлік тіркелген Алматы облысы кіреді.
Электромобильдер Қазақстанның барлық өңірлерінде бар, алайда олардың бөлінуі біркелкі емес. Ең төменгі көрсеткіштер Абай облысында – 78 автомобиль және Ұлытау облысында – 41 автомобиль тіркелген.
Дереккөз: Almaty.tv