Полиция басшылығы қоғамдық тәртіпті қорғау, түсірілім алаңдарындағы қауіпсіздік, жобаға қатысушыларды алып жүру, жол қозғалысын ұйымдастыру және түсірілім ұйымдастырушыларымен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабділдинов әлемдік деңгейдегі кино жобасын өткізу қала мен ел үшін маңызды оқиға екенін, сондықтан барлық қызметтер жоғары деңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, үйлесімді жұмыс істеуі керектігін атап өтті.
Полицияда қажетті ұйымдастырушылық және алдын алу шаралары қабылданғанын, бөлімшелер түсірілімді қауіпсіз өткізу және халықаралық түсірілім тобының Алматыда жайлы болуы үшін штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті.
Бұған дейін Алматыда әлемге әйгілі актер Джеки Чан қатысқан Armour of God: Ultimatum («Доспехи бога: Ультиматум») халықаралық көркем фильмінің ресми басталу рәсімі өткені хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz