...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Түнгі рейд: Алматыда 55 адам кальян шеккені үшін жазаланды

12 шілде 2026 жылы Алматы қаласының Полиция департаменті түнгі рейд қорытындысы бойынша 55 келушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олар заңмен тыйым салынған жерлерде кальян шеккен. Полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 60-қа жуық кальян аппаратын тәркіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, тексеру кезінде заңмен тыйым салынған уақытта алкоголь өнімін сатудың үш фактісі анықталды. Сауда нысандарының иелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы полициясы заң бұзғаны үшін келушілер де, мекеме иелері де жауап беретінін еске салды. Мұндай профилактикалық рейдтер болашақта да жалғасады.

Бұған дейін Медеу ауданында түнгі патрульдеу кезінде ер адам ұсталып, одан синтетикалық есірткі деген күдікпен орама табылған болатын.

Дереккөз: Zakon.kz