
Алматыда қалалық жолда дрифт жасап, апатты жағдай туғызған жүргізуші ұсталып, сот оны 5 тәулікке қамауға алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, ол жол қозғалысы ережесін бұзып, апатты ахуал тудырған. Бұзушылық жедел түрде тоқтатылды. Жүргізушінің көлігі айыппұл тұрағына қойылып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулік қамау жазасы тағайындалды.
«Біз әлеуметтік желілерде контент үшін жасалатын қауіпті жүргізу жағдайларының өсуін байқап отырмыз. Мұндай әрекеттер үшін жауап беруге тура келеді. Бірде-бір осындай факт назардан тыс қалмайды», — деді Медеу ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары Айдар Нағашыбеков.
Дереккөз: Inalmaty.kz