
Алматыда Дөстық даңғылы, 42/74 мекенжайындағы тұрғын үйге заңсыз салынған қосымша ғимарат пен жазғы алаңшаны сүру басталды. Бір қабатты құрылыс қоғамдық тамақтану нысаны ретінде пайдаланылған, бірақ рұқсат құжаттары болмаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, жоспардан тыс тексеру кезінде заңсыз құрылыс анықталып, меншік иесі — ЖШС-ке әкімшілік шара қолданылып, ғимаратты бұзу және нысанды бастапқы қалпына келтіру туралы нұсқама берілген. Алайда иесі талапты орындамаған.
Басқарма мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа мәжбүрлеп орындату туралы талап қойып, ұзаққа созылған сот процесінен кейін 2026 жылғы 11 ақпанда Алматы қалалық соты талапты қанағаттандырды.
Бүгін, 22 мамыр 2026 жылы, әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен нысанды сүру басталды, — деп хабарлады басқарма.
Дереккөз: Nur.kz