...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда демалыс күндері найзағайлы жаңбыр күтіледі

9 және 10 мамырда Алматыда найзағайлы жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, демалыс күндері ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 15-17 градус жылы болады. Жаңбыр күндіз де, түнде де жаууы мүмкін.

Синоптиктер тұрғындарға қолшатыр алып жүруді және найзағай кезінде ашық жерде болмауды ұсынады.

Дереккөз: Inalmaty.kz