
Алматыда алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады: кезең басында жауын-шашын күтілсе, кейін жылыну болады. 23 мамырда айнымалы бұлттылық күтіледі. Түнде жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыс жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +16…+18°C болады. 24 мамырда жауын-шашын тоқтайды. Айнымалы бұлттылық, жаңбырсыз. Солтүстік-шығыс жел 3-8 м/с. Температура түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C дейін жылиды. 25 мамырда айнымалы бұлттылық жауын-шашынсыз сақталады. Жел солтүстік-шығыс 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +21…+23°C болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Дереккөз: Inalmaty.kz