Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты табиғат қорғау прокуратурасының талап арызын қанағаттандырып, бұрынғы «Тартып» АҚ-ндағы мемлекет үлесінің 33,98 пайызын мемлекетке қайтаруды шешті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Прокуратура мемлекет мүддесін қорғау үшін сотқа жүгініп, «Тартып» АҚ-ның «АҚ Тәртіп» ЖШС-не қайта құрылуын тіркеу актілерін жарамсыз деп тануды, тіркеу әрекеттерін жоюды және мемлекеттік үлесті қайтаруды талап еткен. Талап қоюға негіз болған жайт — прокуратураның мәліметінше, компаниядағы мемлекет үлесі төмендетілген бағамен сатылған.
Ведомство бұған дейін де осыған ұқсас шешім қабылданғанын еске салды: 2023 жылғы 12 шілдеде сот прокуратураның талабы бойынша 2017 жылғы 18 қазанда жасалған мемлекеттік үлесті сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныған. Бұл шешім заңды күшіне енген.
2026 жылғы 30 шілдеде сот прокуратураның компаниядағы 33,98 пайыз мемлекеттік үлесті қайтару туралы жаңа талабын толық қанағаттандырды. Қазіргі уақытта бұл шешім заңды күшіне енбеген.
Дереккөз: Inalmaty.kz
