...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда бірқатар көше біржақты болады: Тимирязев, Жандосов және басқалары

Алматыда бірқатар көшені біржақты ету жоспарланып, тағы бірнеше даңғылда қоғамдық көлікке арналған бөлек жолақтар енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диханбаев РСК брифингінде мәлімдеді. Оның айтуынша, мамандар Тимирязев, Жандосов, Манас, Мыңбаев, Береговая, Армянская, Айманов және Пушкин көшелерінде біржақты қозғалыс енгізу мүмкіндігін пысықтап жатыр.

Сонымен қатар, «Тастақ» базары маңындағы Брусиловский, Түркебаев, Қарасай батыр, Құлымбатов және Прокофьев көшелері, сондай-ақ Әуезов, Байзақов, Жуков, Уәлиханов және Радостовец көшелерінің учаскелерінде қозғалыс схемасы өзгеруі мүмкін.

Жаңа автобус жолақтарының пайда болуы күтілуде. Олар Әл-Фараби, Саин, ВОАД, Тілендиев, Шевченко, Құрманғазы, Сәтбаев, Өтеген батыр, Рысқұлов даңғылдары мен Солтүстік айналма жолда орналастырылады.

«Қазір жол қозғалысын ұйымдастыру схемасын әзірлеуді аяқтап жатырмыз. Жолақтарды алып тастамаймыз, тарылту арқылы автобус жолағын қосқымыз келеді», — деді басқарма басшысы.

Тимирязев көшесінде де өзгерістер болады — онда автобус жолағын жолдың шетіне ауыстыру жоспарлануда.

Төле би көшесінде ЛРТ құрылысына дайындық жүріп жатыр, оның белсенді кезеңі жоба сараптамадан өткеннен кейін басталады. Қазіргі уақытта ТЭО дайын, ол мемлекеттік сараптамаға жіберілді.

Райымбектегі BRT жобасына түзету енгізіледі — Емцовтан Өтеген батырға дейінгі учаскені бөлшектеу жоспарлануда. Бұл жобаны іске асыру мерзімінің ұзаруына әкелуі мүмкін.

Дереккөз: Inalmaty.kz