
Алматыда «Алко-стоп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Рейдтердің алғашқы күндерінде ондаған заңбұзушылық анықталып, ірі партия алкоголь тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, рейдтердің алғашқы күндерінде қоғамдық орындарда ішімдік ішу, алкогольді заңсыз сату және қоғамдық тәртіпті бұзуға байланысты ондаған бұзушылық тіркелген. Құқық қорғаушылар кәмелетке толмағандар арасында профилактикаға және есепте тұрған адамдарды бақылауға ерекше көңіл бөледі.
Сонымен қатар, алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын болдырмау жұмыстары жүргізілуде. Бір күннің ішінде қаланың әртүрлі аудандарынан жалпы көлемі 840 литрден асатын ірі партия спиртті ішімдіктер тәркіленді.
Полицияда іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, алкоголь сатуды бақылауды күшейту және азаматтардың қоғамдық орындардағы мінез-құлқын қадағалау екенін атап өтті.
Дереккөз: Inalmaty.kz