...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда бір ер адам көшеде табиғи емес қалыпта қатып қалды: полиция тексеріс бастады

Алматыда бір ер адам көшеде ұзақ уақыт бойы табиғи емес қалыпта тұрып, айналасындағыларға еш реакция білдірмеген. Бұл оқиғаның видеосы Instagram-дағы «kris_p_almata» аккаунтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің айтуынша, жігіт синтетикалық есірткі заттарының әсерінде болуы мүмкін.

Оқиғаға қаланың құқық қорғау органдары жедел ден қойып, тексеріс бастады.

Бұған дейін Шымкентте бір «суретші»-закладчик ғимараттардың қабырғаларын есірткі дүкендерінің жарнамасына айналдырғаны хабарланған еді.

Дереккөз: Zakon.kz