Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы 2026 жылғы 28 тамызда Алмалы ауданында 31 тамыз бен 14 қыркүйек аралығында салынып жатқан «Шевченко-Байзакова» тұрғын үй кешеніне жылу, су құбыры және су бұру желілерін тарту жұмыстары жүргізілетінін ескертті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жұмыстар үш учаскеде жоспарланған. Жылу желілері Жамбыл көшесі, 168а мекенжайындағы қосылу нүктесінен салынып жатқан ғимаратқа дейін тартылады. Су құбыры және су бұру желілері – Байзақов көшесі, 232 мекенжайындағы қосылу нүктелерінен нысанға дейін.
Жоба аясында кәріз желілерін монтаждау және кейіннен аумақты абаттандыру да қарастырылған. Барлық жұмысты 2026 жылғы 18 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда.
Тұрғындар мен жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауды, жүру бағыттарын жоспарлау кезінде шектеулерді ескеруді және жұмыс жүргізіліп жатқан жердің маңында қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
