...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қоғам

Астанада аяз, Алматыда жаңбыр, Шымкентте +35°С: 29-31 тамызға ауа райы болжамы жаңартылды

Синоптиктер жаздың соңғы күндері қазақстандықтарды таңғалдыратынын алдын ала хабарлаған еді. «Қазгидромет» деректері бойынша, елге қатты жаңбыр, қар және аяз келе жатыр. ҚР-дағы 2026 жылғы 29-31 тамызға арналған ауа райы туралы толығырақ – сілтемеде, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

29 тамызда Астанада айнымалы бұлттылық, түнде жаңбыр, күндіз аздаған жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +19+21°С.

30 тамызда Астанада айнымалы бұлттылық, кейде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +13+15°С.

31 тамызда Астанада айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, жер бетінде аяз -1°С, күндіз +12+14°С.

Алматыда 29 тамызда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз қатты ыстық +33+35°С.

30 тамызда Алматыда айнымалы бұлттылық, түстен кейін қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +31+33°С.

31 тамызда Алматыда айнымалы бұлттылық, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын жел 3-8 м/с, кейде екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +28+30°С.

Шымкентте 29 тамызда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +33+35°С.

30 тамызда Шымкентте айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +33+35°С.

31 тамызда Шымкентте айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +30+32°С.