...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда балағат сөздер таратқан екі блогер қамауға алынды

Алматының Наурызбай ауданында екі жас жігіттің былапыт сөздер мен қорлайтын тіркестерді қолданған бейнежазбасын полиция қызметкерлері әлеуметтік желіні бақылау барысында анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшылары қазақстандықтарға қоғамдық ақпараттық кеңістікте былапыт сөйлеу мен қорлайтын сөздерді жария түрде қолдану заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

«»Әзіл» форматы жарияланған материалдың мазмұны үшін жауапкершіліктен босатпайды», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2026 жылғы 26 қыркүйекте Шымкентте полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде былапыт сөздермен жанжалды тікелей эфир ұйымдастырған төрт танымал блогерді жедел анықтап, қамауға алғаны белгілі болды. Қауіпті контент пен былапыт сөздерді тәртіп сақшылары TikTok әлеуметтік желісін кезекті бақылау кезінде анықтады.