...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда АЗС аумағында BMW-мен дрифт жасаған жүргізуші 7 тәулікке қамалды

Алматыда жанармай құю станциясының аумағында BMW көлігімен қауіпті дрифт жасаған 23 жастағы жүргізуші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Instagram желісінде тараған бейнежазбадағы көлік иесі анықталып, ұсталған. Ол 23 жастағы жүргізуші болып шықты.

Полицияның дерегінше, жүргізуші жанармай құю станциясының аумағында күрт маневрлер жасап, айналасындағыларға қауіп төндірген.

«Маневр жасағаны, жолды бүлдіргені және апаттық жағдай туғызғаны үшін жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотқа жіберілді. Нәтижесі — 7 тәулік әкімшілік қамау», — деп атап өтті полицияда.

Алматы полиция департаменті дрифт — айналада адамдар мен көліктер болғанда ойын-сауық емес екенін еске салды, өйткені бір қауіпті маневр біреудің өмірін мәңгілікке өзгертуі мүмкін.