Алматы мен Шымкентте ауа райы жылынып, температура тиісінше +13°С және +20°С-қа дейін көтеріледі, ал Астанада қысқа мерзімді жылынудан кейін -7°С-қа дейін аяз қайта оралады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жауын-шашын тек Шымкентте ғана болады, қалған қалаларда жауын-шашын күтілмейді.
Алматыда 17 қарашада ауыспалы бұлтты, түнде және таңертең тұман болады. Түнде ауа температурасы -2…-4°С, күндіз +5…+7°С. 18 қарашада ауыспалы бұлтты, әлсіз жел соғады. Түнде 0…+2°С, күндіз +9…+11°С. 19 қарашада ауыспалы бұлтты. Түнде 0…+2°С, күндіз +11…+13°С.
Астанада 17 қарашада ауыспалы бұлтты, әлсіз жел соғады. Түнде -6…-8°С, күндіз +2…+4°С. 18 қарашада ауыспалы бұлтты, күндіз жел екпіні секундына 12 метрге дейін жетеді. Түнде -2…-4°С, күндіз +2…+4°С. 19 қарашада ауыспалы бұлтты, жел секундына 5-10 метр. Түнде -5…-7°С, күндіз 0°С шамасында.
Шымкентте 17 қарашада ауыспалы бұлтты, түнде және таңертең тұман болады. Жел секундына 5-10 метр. Түнде +2…+4°С, күндіз +14…+16°С. 18 қарашада ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде +6…+8°С, күндіз +14…+16°С. 19 қарашада ауыспалы бұлтты, күндіз жел екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Түнде +6…+8°С, күндіз +18…+20°С.
