...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда апталық ауа температурасы +37°C-тан +28°C-қа дейін төмендейді

Синоптиктердің ұзақ мерзімді деректері бойынша, Алматыда апта ішінде температура +37°C-тан +28°C-қа дейін өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Гүлтансық Медеуованың айтуынша, апта басында қалада негізінен құрғақ және ыстық ауа райы сақталады.

Синоптик аптаның екінші жартысында ауа райы өзгере бастайтынын қосымша айтты.

Апта соңына қарай жауын-шашын тоқтап, айнымалы бұлттылық сақталады. Күндіз ауа температурасы +28+30°C-қа, түнде +16+18°C-қа дейін төмендейді.

Алматыдағы 15-21 тамызға арналған ауа райы болжамы:

15 тамыз: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +22+24°C, күндіз қатты ыстық +35+37°C.

16-17 тамыз: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +22+24°C, күндіз қатты ыстық +34+36°C.

18 тамыз: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +21+23°C, күндіз +31+33°C.

19 тамыз: айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +18+20°C, күндіз +30+32°C.

20 тамыз: айнымалы бұлттылық, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Батыстан соғатын жел 3-8 м/с, кейде екпіні 15 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +16+18°C, күндіз +30+32°C.

21 тамыз: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°C, күндіз +28+30°C.

Сонымен қатар, синоптиктер Алматы мен Алматы облысына дауылды ескерту жариялады.

15 тамызда Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батыстан шығысқа ауысатын жел, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Күндіз аймақта қатты ыстық +35+38°C-қа дейін жетеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, оңтүстікте, шығыста және орталықта – жоғары.

Алматыда 15 тамызда күндіз қатты ыстық +35+37°C болады, жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз температура +36+38°C-қа дейін көтеріледі.

Іле Алатауы тауларында, Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында 15 тамызда жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Бұдан басқа, 14-нен 15-іне қараған түні Алматы облысының оңтүстігінде және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр мен найзағай болжанады. Алматыда 15 тамызға қараған түні де жаңбыр мен найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК қазақстандықтарға атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде найзағаймен жаңбыр жауатынын ескерткен болатын.