...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы және облыс тұтынушыларына электр қуаты қалпына келтірілді — АЖК

Энергиямен жабдықтаушы ұйым Алматы және Алматы облысы тұтынушыларына электр қуатын берудің 21:00-ге қарай қалпына келтірілгенін хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

2026 жылғы 14 тамызда сағат 14:38-де «KEGOC» АҚ-ға тиесілі электр беру желілерінде ажырату тіркелді. Электрмен жабдықтаудың бұзылуы салдарынан «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желілерінде аварияға қарсы автоматты жүйе іске қосылып, Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары жарықсыз қалды.

— Энергожүйенің жұмыс режимі тұрақтанғаннан және электрмен жабдықтау қалпына келтірілгеннен кейін бұрын жарияланған САОН (жүктемені ажыратудың арнайы автоматты жүйесі) режимі тоқтатылды. Сағат 19:00-де Алматы қаласы мен Алматы облысы тұтынушыларына электрмен жабдықтаудағы шектеулер толығымен алынып тасталды, — деп хабарлады «Алатау Жарық Компаниясы».

Қазіргі уақытта «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның жедел-шығу бригадалары қосалқы станцияларды аралап, электр желілеріндегі жүктемені тексеріп жатқаны атап өтілді. Мамандар жабдықтың күйін және электрмен жабдықтау параметрлерін бақылап, желінің сенімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз етуде.

Еске салайық, KEGOC 14 тамызда Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде технологиялық бұзылыс болғанын хабарлаған. Электр беру желілері ажыратылып, энергетиктер көп ұзамай электр желілерін қалпына келтіре алды.

Бұған дейін Алматыда жарық өшкен кезде «Сергек» жолдардағы бұзушылықтарды тіркеген-тіркемегені белгілі болды.