...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы мен облысында жарық сөнді: себебі аталды

2026 жылғы 14 тамызда күндіз Алматының төрт ауданы мен Алматы облысының 10 ауданында электр қуаты өшірілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның түсіндіруінше, сағат 14:38-де «KEGOC» АҚ-ға тиесілі 500 кВ Л-5400, Л-5300 және Л-5320 әуе электр беру желілерінің авариялық өшірілуі салдарынан АЖК желілерінде аварияға қарсы автоматтандыру (САОН, АЧР) іске қосылып, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тұтынушылардың электр қуаты өшірілді.

Осы аварияға байланысты САОН әсерінен өшірілген жүктеме көлемі 300 МВт құрады.

Алматы облысында келесі аудандарда тұтынушылар жарықсыз қалды: Балқаш ауданы, Есік ауданы, Қарасай ауданы, Шелек ауданы, Райымбек ауданы, Ұйғыр ауданы, Іле ауданы, Кеген ауданы, Талғар ауданы.

Алматыда тұтынушылардың жарығы келесі аудандарда өшті: Бостандық ауданы, Наурызбай ауданы, Әуезов ауданы, Алатау ауданы.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандары тұтынушылардың электрмен жабдықталуын қалпына келтіру бойынша қажетті шараларды жүргізуде, — деп сендірді компанияда.

Айта кетейік, 14 тамызда аймақта өте ыстық ауа райы байқалады, ауа температурасы 35-37 градусқа дейін жетеді. Сондай-ақ жоғары өрт қаупі тіркелді.