Синоптиктер Алматыда алдағы жеті күнге, 27 шілдеден 2 тамызға дейін ауа райы болжамын жариялады. Қала бойынша жауын-шашынсыз ашық аспан күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
27 шілдеде Алматыда ашық аспан болады. Орташа температура +26 градус. Күндіз ауа +33 градусқа дейін жылыса, түнде +21 градусқа дейін төмендейді. Жел жылдамдығы 4,5 м/с құрайды.
28 шілдеде де ашық аспан күтіледі. Температура шамамен +25 градус. Ең жоғары температура +31 градус, ең төменгі +20 градус. Жел жылдамдығы 3,4 м/с дейін.
29 шілде — жауын-шашынсыз. Орташа температура +25 градус. Күндіз температура +32 градусқа көтеріліп, түнде +19 градусқа дейін төмендейді. Жел жылдамдығы 3,6 м/с.
30 шілдеде Алматыда ашық аспан болады. Орташа температура +27 градус. Ең жоғары температура +34 градусқа дейін көтеріліп, +20 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Жел жылдамдығы 3,3 м/с.
31 шілдеде ашық аспан болады. Тәуліктік орташа температура +29 градус. Күндіз ауа +36 градусқа дейін жылыса, түнде +22 градусқа дейін салқындайды. Жел жылдамдығы 3,6 м/с.
1 тамызда қайтадан ашық аспан болады. Орташа температура +31 градус. Ең жоғары температура +38 градус, ең төменгі +23 градус. Болжамды жел жылдамдығы 3,9 м/с.
2 тамызда, болжам бойынша, жауын-шашынсыз ашық ауа райы. Орташа температура +32 градус. Ауа +39 градусқа дейін жылыса, түнде +27 градусқа дейін салқындайды. Жел жылдамдығы 5,7 м/с.
Дереккөз: Nur.kz