Алматыда 27-29 маусым аралығында құрғақ әрі өте ыстық ауа райы сақталады. Жауын-шашын күтілмейді, тек таулы аудандарда күндіз қысқа мерзімді найзағайлы жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кисебаевтың айтуынша, белсенді циклон жаңбыр, кейде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел әкеледі. Түнде ауа температурасы +20+22°C, күндіз ыстық басылып, +28+30°C болады.
27 маусым: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8, күндіз екпіні 13 м/с. Түнде +22+24°C, күндіз қатты ыстық +34+36°C.
28 маусым: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8, күндіз екпіні 13 м/с. Түнде +21+23°C, күндіз қатты ыстық +33+35°C.
29 маусым: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнде +23+25°C, күндіз қатты ыстық +35+37°C.
30 маусым: айнымалы бұлттылық, күндіз жаңбыр, кейде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Жел оңтүстік-батыстан 3-8, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +21+23°C, күндіз +30+32°C.
1 шілде: бұлтты, жаңбыр, кейде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 3-8, кейде екпіні 15-20 м/с. Түнде +21+23°C, күндіз +27+29°C.
2-3 шілде: айнымалы бұлттылық, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел батыстан 3-8, кейде екпіні 15-18 м/с. Түнде +19+21°C, күндіз +28+30°C.
Демалыс күндері күтілетін қатты ыстыққа байланысты синоптиктер күн сәулесінің астында ұзақ болмауға, су ішу режимін сақтауға және бас киім киюге кеңес береді. Циклон басталғанда қала тұрғындарына қатты нөсер, найзағай, бұршақ және екпінді жел қаупіне байланысты сақ болу ұсынылады.
Дереккөз: Zakon.kz