...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда әл-Фараби даңғылының бір бөлігінде қозғалыс сызбасы өзгерді

Алматыда әл-Фараби даңғылының Ушкемпиров көшесінен Есентай өзеніне дейінгі бөлігінде солтүстік бағыттағы қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының 2026 жылғы 14 қыркүйектегі түсіндірмесінше, бұл шешім учаскенің өткізу қабілетін арттыру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көліктің ретсіз қатар ауыстыруын болдырмау үшін қабылданған.

Қозғалысты ретке келтіру мақсатында сауда-ойын-сауық орталығының аумағынан шыққаннан кейін бірден қатар ауыстыруға мүмкіндік бермейтін тұтас сызықтар сызылды.

Жүргізушілерден қозғалысты ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруді, жол белгілері мен таңбалау талаптарын сақтауды, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін басшылыққа алуды сұрайды.

Бұған дейін жазда Саина көшесінің Рысқұлов көшесінен Төле би көшесіне дейінгі бөлігінде жылдамдық шектеуі 60 км/сағ етіп белгіленіп, «Домиллион» сауда үйінің маңында жолақтар тарылтылып, қосымша төртінші жолақ қосылған болатын.