...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Ақан Сері көшесінің бір бөлігі бес күнге жабылады

Алматыда Ақан Сері көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы бірнеше күнге шектеледі. Бұл жол төсеміне орташа жөндеу жүргізуге байланысты, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қозғалыс 14 шілде сағат 20:00-ден 19 шілде сағат 6:00-ге дейін Сейфуллин даңғылынан Котельников көшесіне дейінгі аралықта толығымен жабылады. Жұмыс жүргізілетін орынға ескерту жол белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады.

Жүргізушілерді жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді алдын ала ескеріп, балама бағыттарды таңдауға шақырады.

Дереккөз: Inalmaty.kz