
Алматыда 71 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсады. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға жеке секторда кешкі уақытта болған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Марқұмның тірі кезінде бірқатар ауыр аурулармен ауырғаны белгілі. Туыстарының айтуынша, ол бірнеше рет өмірін қиюға ниет білдірген.
Барлық мән-жайлар анықталып жатыр, — делінген хабарламада.
5 маусымда Алматыда әйел адам көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткені хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz