Алматы әуежайында шетелдік әйел адамның жүгін тексеру кезінде 21 келіге жуық марихуана табылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
ҰҚК мәліметінше, 30 мамырда ҰҚК полиция, кеден және Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен бірлесіп, Алматы әуежайында есірткі тасымалдау әрекетінің жолын кескен.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінен келген шетелдік әйелдің багажын тексеру барысында шамамен 21 кг өсімдік тектес «марихуана» заты анықталған.
Тыйым салынған жүк тәркіленіп, күдікті ұсталды.
Осы факті бойынша полиция органдары Қылмыстық кодекстің 286-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды, — деп атап өтті ҰҚК.
Дереккөз: Nur.kz
