...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда оқу-жаттығу кезінде граната жарылды: зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Алматыда жоспарлы оқу-жаттығу кезінде техникалық ақау салдарынан қолданыстағы жарық-дыбыстық гранатаның мерзімінен бұрын жарылуы оқиғасы болды. Оқиға орнында болған қызметкерлерге уақытылы медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған inAlmaty.kz мәліметінше, оқиға техникалық сипатта болған. Жарылыс кезінде жақын жерде болған бөлімше қызметкерлеріне қажетті медициналық көмек дер кезінде көрсетілді. Қазіргі уақытта оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, оның барлық мән-жайы мен себептері анықталады.

Ведомство өкілдері жекелеген дереккөздерде тараған көптеген жарылыстар мен қызметкерлердің ауыр халі туралы ақпаратты жоққа шығарып, бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Қала тұрғындарын тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырып, заңнамада көрсетілгендей, көрінеу жалған мәліметтер таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін ескертті.

Дереккөз: Inalmaty.kz