Алматыда тәртіп бұзушыларды тыныштандыруға барған полицейлерге ер адам шабуыл жасады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 4 қарашада Әуезов ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы келген. Алайда бұзушылар одан сайын агрессивті бола түскен.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Полиция қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде күш қолдануға жол берілмейтінін және ол қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды. Полицияның заңды қызметіне кедергі жасауға кез келген әрекет заңға сәйкес тоқтатылатын болады.
Бұған дейін Алматыда бір әйел қызмет үстіндегі полиция қызметкеріне қатысты провокация ұйымдастырған. Нәтижесінде әзіл шамамен 130 мың теңге айыппұлға айналған.
