...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Қоғам

Алматыда 50 жастан асқан тұрғындарға «Алматыны аялай!» байқауы өтіп жатыр

Алматыда 50 жастан асқан тұрғындар арасында «Алматыны аялай!» байқауы өтіп жатыр. Қатысушылар ән, күй және би өнерінен сынға түсуде, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Байқауға қаланың егде жастағы тұрғындары қатыса алады. Олар өз өнерлерін үш бағыт бойынша көрсетеді: ән айту, күй тарту және билеу.