
Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы тұрғын үй бағдарламасының жаңа мүмкіндіктерін жариялады. 1 маусым 2026 жылы сағат 09:00-ден 15 маусым 2026 жылы сағат 18:00-ге дейін kezekte.kz сайтындағы «Тұрғын үй сервистері» бөлімінде Almaty Jastary сервисі арқылы өтінім беруге болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Порталға кіру электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлама аясында несиелеудің келесі шарттары қарастырылған:
- несиенің максималды сомасы – 20 млн теңгеге дейін,
- пайыздық мөлшерлеме – 5%,
- бастапқы жарна – 10%,
- бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі.
Бағдарламаға Алматы қаласының 35 жасқа дейінгі тұрғындары қатыса алады. Негізгі талаптар:
- Алматыда кемінде бір жыл тұрақты тіркелу,
- қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы бес жыл ішінде меншігінде тұрғын үйдің болмауы,
- Алматыда кемінде алты ай міндетті зейнетақы жарналарымен ресми еңбек өтілінің болуы.
Бұған дейін Zakon.kz тілшісі Қазақстандағы жалдамалы тұрғын үй нарығы бірнеше жыл қарқынды өскеннен кейін баяулай бастағанын хабарлаған болатын. Негізгі көрсеткіш – Алматы, мұнда жалдамалы баспана бағасы үшінші ай қатарынан төмендеп келеді. Басқа бірқатар қалаларда жалдау ақысы терең минусқа кетті.
Дереккөз: Zakon.kz