...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда +35°C ыстық, Шымкентте +42°C: ауа райы болжамы

28-30 шілде аралығында Алматы, Шымкент және Астанада ауа райы әртүрлі болады. Егер Астанада жаңбыр мен найзағай күтілсе, Алматы мен Шымкентте керісінше, аптап ыстық болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астанада 28 шілдеде ауа температурасы түнде +17+19°C, күндіз +28+30°C, жаңбыр, найзағай, бұршақ және шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 29 шілдеде жауын-шашынсыз, түнде +18+20°C, күндіз +30+32°C. 30 шілдеде күндіз қатты ыстық +33+35°C.

Алматыда 28-29 шілдеде жауын-шашынсыз, түнде +19+21°C, күндіз +30+32°C. 30 шілдеде күндіз қатты ыстық +33+35°C, жел әлсіз.

Шымкентте 28 шілдеде жауын-шашынсыз, жел секундына 20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +22+24°C, күндіз +37+39°C. 29 шілдеде күндіз қатты ыстық +38+40°C, жел 15-20 м/с. 30 шілдеде күндіз +40+42°C.

Дереккөз: Zakon.kz