Алматыда 30-дан астам автобус пен троллейбус бағыттарының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді. Бұл жол жабынын жөндеу, инженерлік желілерді салу және бірнеше ірі қала магистральдарының жабылуына байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Транспорттық холдингтің мәліметінше, Манас көшесінде (Абай даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі учаскеде) жол жабынын орташа жөндеу және көлік қозғалысының толық жабылуына байланысты 31 шілде сағат 19:00-ден 4 тамыз сағат 08:00-ге дейін №18, №44, №62, №66, №80, №95, №98, №112, №121, №123, №130, №ТП6 және №ТП7 маршруттарының қозғалыс схемалары уақытша өзгереді.
Өзгерістердің себебі — қоғамдық көліктің бекітілген схемалар бойынша жүруінің мүмкін еместігі.
Сонымен қатар, Абай даңғылында (Әуезов көшесінен Гагарин даңғылына дейінгі учаскеде екі бағытта) және Жароков көшесінде (Мыңбаев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі учаскеде екі бағытта) жөндеу жұмыстары мен көлік қозғалысының толық жабылуына байланысты 1 тамыз сағат 06:00-ден 2 тамыз сағат 23:00-ге дейін №3, №19, №25, №34, №56, №65, №90, №92, №113, №118, №120, №120А, №128, №145, №ТП5, №ТП19 және №ТП25 маршруттарының қозғалыс схемалары уақытша өзгереді.
Көптеген маршруттар жабық учаскені Әуезов, Шевченко, Сәтпаев көшелері және Гагарин даңғылы арқылы айналып өтеді. №19, №113 және №145 маршруттары Жароков көшесі бойынша да қозғалысын өзгертеді.
1 тамыздан бастап Бейсеуов көшесін жөндеу кезінде №29Р маршрутының соңғы аялдамасы «Бекенбай өзені» аялдамасынан «Сұраныс бойынша» аялдамасына ауыстырылады.
Ақжар шағын ауданында сумен жабдықтау және кәріз желілерін салу жұмыстарына, сондай-ақ Рысқұлов көшесінде (Жандосов көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскеде) көлік қозғалысының толық жабылуына байланысты 1 тамыздан бастап №14 және №50 маршруттарының қозғалыс схемалары уақытша өзгереді.
Жүргізушілер мен жолаушыларды уақытша шектеулерді алдын ала ескеріп, сапарларын қоғамдық көліктің өзгерген қозғалыс схемаларын ескере отырып жоспарлауларын сұрайды.
Бұған дейін Алматыда Хо Ши Мин көшесін жөндеуге және ішінара жабуға байланысты төрт автобус маршрутының қозғалыс схемасы уақытша өзгерген болатын.
Дереккөз: Inform.kz
