...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 294 мыңнан астам оқушы жазғы демалыспен қамтылады

Алматыда мектеп оқушыларына арналған жазғы сауықтыру науқаны жалғасуда. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

15 маусымда Білім басқармасына қарасты «Өрнек» балалар сауықтыру лагерінде бірінші кезек басталды. Сондай-ақ Алматы облысының қала сыртындағы лагерлеріне де кезектер басталды.

Бірінші ағын аясында жазғы демалыспен мыңнан астам бала қамтылды. Биылғы жылы қала сыртындағы демалыспен әлеуметтік осал санаттағы 2,5 мыңнан астам баланы және ерекше білім беру қажеттіліктері бар 300 баланы қамту жоспарланған. Тағы 200 дарынды оқушы мен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталықтарында демалыс өткізеді.

Маусым айында қаланың барлық білім беру ұйымдарында жұмыс істеген мектеп жанындағы лагерлер де жұмысын аяқтады. Ұйымдастырылған демалыспен және бос уақытпен шамамен 190 мың оқушы қамтылды, 40 мыңға жуық бала тамақпен қамтамасыз етілді.

Жалпы жазғы науқан аясында 294 мыңнан астам оқушыны қамту жоспарланған, бұл Алматыдағы 1–10-сынып оқушыларының жалпы санының 98,7% құрайды.

Балалар үшін спорттық жарыстар, шығармашылық шеберлік сабақтары, зияткерлік ойындар, экскурсиялар, танымдық және дамытушы сабақтарды қамтитын бай бағдарлама дайындалған. Қауіпсіздік, сауықтыру және оқушылардың демалысына қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Дереккөз: Almaty.tv