...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматылық спортшылар стендтік атудан әлем чемпионы атанды

Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан стендтік атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық сында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қыздар арасындағы «трап» жаттығуында қазақстандық команда 337 ұпай жинап, турнирдің үздік нәтижесін көрсетіп, пьедесталдың ең жоғарғы сатысына көтерілді.

Чемпион команда құрамында Алматыдан Элеонора Ибрагимова мен Мария Горун, сондай-ақ Шымкенттен Милана Папчихина өнер көрсетті.

Әлем біріншілігіне 63 елден 778 спортшы қатысуда. Қазақстан атынан жарыста 13 мықты мерген өнер көрсетеді.

Дереккөз: Almaty.tv