2026 жылғы 24 маусымда Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қолайсыз метеожағдайлар — бұл атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ пайда болған кезде елді мекендерде атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін, бұл адам денсаулығына әсер етеді.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).
Қолайсыз метеожағдайлар кезінде мыналар ұсынылады:
- өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
- ашық ауада дене белсенділігін шектеу. Дене шынықтырумен және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу.
Дереккөз: Inform.kz