...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 22 млн теңгеге алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды

Алматыда логистикалық компания қызметкерлері ретінде өздерін таныстырып, 21 млн 883 мың теңге алдап алған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер жәбірленушіге теміржол вагондарын беруді ұсынып, сеніміне кірген соң одан 21 млн 883 мың теңге алған.

Күдіктілерді Жамбыл облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы мен тергеу басқармасының қызметкерлері ұстады.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот шешімімен екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу жалғасуда.

Бұған дейін ерекше ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланғаны белгілі болған.