...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 2026 жылы 105 лифт жаңартылады

Алматыда 2026 жылы көппәтерлі тұрғын үйлерде 105 лифт ауыстыру жоспарлануда. Жұмыстар 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыстырылатын лифтілердің 47-сі 25 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді, тағы 58-і күрделі жөндеуді қажет етеді. Барлығы Алматыда шамамен 14,5 мың лифт бар, оның 8,4 мыңнан астамы 2 671 көппәтерлі үйде орнатылған.

Бақылау басқармасы атап өткендей, жабдықтың табиғи тозуын ескере отырып, оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін қалада жыл сайын кемінде 150 лифт ауыстырылуы тиіс.

Дереккөз: Inalmaty.kz