...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 1988 жылы салынған жылу магистралі ауыстырылады

Алматының Алатау ауданында алдағы жылыту маусымына дайындық аясында 1988 жылы пайдалануға берілген шамамен 483 метр жылу магистралі ауыстырылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Алматы жылу желілері» ЖШС мәліметінше, 2026 жылғы 8 шілдеден бастап жылу желілерін реконструкциялау кезеңінде Немирович-Данченко көшесінің батыс жағында – Рысқұлов даңғылынан Райымбек даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Көлік қозғалысы Немирович-Данченко көшесінің шығыс жағымен екі бағытта ұйымдастырылады. Шектеу көше жүріс бөлігінің астынан өтетін құбыр учаскесін реконструкциялау бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

Бұл жұмыстарды орындау алдағы қысқы кезеңде 14 көппәтерлі тұрғын үй, 2 жеке үй, 2 мектеп және 10 басқа нысан тұрғындарын тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Реконструкциялау кезеңінде тұтынушыларға ыстық су беру сақталады. Уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауларыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Дереккөз: Almaty.tv