
Алматыда Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешенінің 16-қабатында балконның сыртқы жағында тұрған ер адамды полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 15 маусымда кешке «102» пультіне Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адамның подъезд балконының сыртқы жағында 16-қабат деңгейінде тұрып, құлап кетуі мүмкін екендігі туралы сигнал түскенін хабарлады.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері, оның ішінде «Буран-407» және «Буран-414» патрульдік экипаждары келді. Полицейлер ер адаммен байланысқа шығып, оның назарын аударып, уақыт ұтуға тырысты. Жағдай әрекет етуге мүмкіндік берген сәтте қызметкерлер ер адамды ұстап алып, қауіпсіз жерге сүйреп кіргізді.
Бостандық ауданы полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық бөлімшесінің бастығы Айдын Әбілдің айтуынша, есеп секундтарға жүрді.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам ауыр эмоционалдық күйде болған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Айта кетейік, соңғы уақытта бұл суицидтің алғашқы әрекеті емес. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Сайран көлінде суицидтің алдын алды.
Дереккөз: Zakon.kz