
Алматының Әуезов ауданында шағын және орта бизнес нысандары атмосфералық ауаны қорғау және шығарындыларды азайту ережелерін сақтау тұрғысынан тексерілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Аудан аумағында 289 шағын және орта бизнес нысаны орналасқан, оның ішінде 142 қоғамдық тамақтану нысаны, 110 техникалық қызмет көрсету станциясы (СТО) және 37 монша кешені бар.
Тексеру қорытындысы бойынша 107 нысан қатты отынды пайдалануды жалғастырып отыр. Бұл тексерілгендердің жалпы санының 42,6%-ын құрайды. Қатты отын қолданатындардың ішінде 80 қоғамдық тамақтану нысаны, 19 СТО және сегіз монша кешені бар.
Мониторинг нәтижелері атмосфералық ауаны қорғау және шығарындыларды азайту ережелерін сақтау мәселелері жөніндегі кеңесте жарияланды.
Аталған бағытта жұмыс жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Бүгінгі күні тексерілген шағын және орта бизнес нысандарының бесеуі шығарындыларды тазарту жүйелерін орнатты.
Әкімдікте экологиялық талаптардың сақталуын бақылау қаланың тұрғын аудандарында ластаушы заттар шығарындыларын азайту және атмосфералық ауа сапасын жақсарту мақсатында жалғасатынын атап өтті.
Еске сала кетейік, Алматыда атмосфералық ауаның ластануын азайтуға бағытталған шығарындылар деңгейі төмен аймақтар (Low Emission Zones, LEZ) құру жобасы іске асырылуда. Болашақта белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін автомобильдер үшін мұндай аймақтарға кіру ақылы немесе шектеулі болуы мүмкін.
Дереккөз: Inform.kz