...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Қазгидромет алматылықтар мен ақтөбеліктерге ескерту жасады

РГП «Қазгидромет» мамандары екі қала тұрғындарына ескертумен жүгінді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл жер бетіндегі атмосфералық ауа қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автомобиль жолдарының немесе басқа ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада болған кезде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүруі керек.

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 15 маусымға бүкіл Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланғанын хабарлаған болатын.

Дереккөз: Zakon.kz