...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 14 мамырда жоспарлы сейсможаттығу өтеді: дабыл сиреналары естіледі

14 мамыр күні сағат 11:00-де Алматыда жалпықалалық жоспарлы сейсможаттығу өтеді. Тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, дайындық 12 мамырдан бастап жүргізілуде: радио-телеарналарда алдағы жаттығу туралы ақпарат пен сабыр сақтау ұсынысы бар бейнеролик көрсетілуде.

Жаттығу барысында қалалық хабарландыру жүйесі іске қосылады: дабыл-сөйлеу құрылғылары, телерадиоарналарды ұстап қалу, мобильді қосымшалар мен Masalert жүйесі арқылы хабарламалар жіберіледі.

ТЖМ «Баршаның назарына!» дыбыстық сигналы — бұл ТЖ қаупі немесе орын алған жағдайда халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы екенін еске салды. Сигнал естілгенде, теледидар мен радиоқабылдағыштарды қосып, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардан ақпарат алып, әрі қарайғы әрекеттер бойынша нұсқауларды орындау қажет.

Сондай-ақ тұрғындарға сейсможаттығу басталғанға дейін дабыл чемоданын дайындап, қауіпсіз жерге ең қысқа жолды анықтау ұсынылды.

Дереккөз: Nur.kz