...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 12 қыркүйекте ауа райы қолайсыз болады

12 қыркүйекте Алматыда, сондай-ақ түнде Ақтөбе мен Атырауда метеорологиялық жағдайлар қолайсыз болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл атмосфераның жер беті қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе басқа да ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүруі керек.

Сондай-ақ Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 12 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды.