Zakon.kz 10 күндегі жарияланған статистиканы зерделеп, полицейлер жол қозғалысы ережелерінің қандай өрескел бұзушылықтарын жиі анықтайтынын, қалада қанша мас жүргізуші ұсталғанын және қанша көлік айыппұл тұрағына жіберілгенін есептеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалада тәулігіне орташа есеппен 2 мыңға жуық жол қозғалысы ережесінің бұзушылығы тіркеледі: 3 тамызда – 1 679, 5 тамызда – 1 854, 6 тамызда – 1 959, 12 тамызда – 2 477, 11 тамызда – 2 139 бұзушылық анықталды.
Мамандандырылған тұраққа 10 күн ішінде 400-ден астам көлік қамалды.
13 тамыз таңертең Алматы полициясы құқығынан айырылған мас әйелдің рульге отырғанын хабарлады.
Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың негізгі түрлері: мас күйінде көлік жүргізу – 94 факт; жүргізу құқығынан айырылған адамдардың көлік жүргізуі – 19 факт; маневр жасау ережелерін бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашки») – 773 факт; қауіпсіздік белдігін тақпау – 870 факт; қарама-қарсы бағыттағы жолаққа шығу – 100 факт; көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану – 580 факт.
