...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 10 күдікті ұсталды: олар ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді

Алматыда полиция қызметкерлері ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адамды ұстады. Арнайы операция барысында қару-жарақ, оқ-дәрі және басқа да тыйым салынған заттар тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, күдіктілер 8 мамыр күні ұсталған. Олардың арасында бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері бар. Полицияның айтуынша, күдіктілер қару қолданылған бұзақылық, бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және қарудың заңсыз айналымы сияқты қылмыстарға қатысы болуы мүмкін.

Жедел уәкілдер 21 санкцияланған тінту жүргізді. Тергеу іс-шаралары кезінде заңсыз айналымнан қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін көп мөлшердегі қару-жарақ пен заттар тәркіленді. Атап айтқанда, ұсталғандардың бірінің тұрғылықты жерінен бірнеше оқты және травматикалық қару, оның ішінде обрездер мен оқ-дәрілері бар Калашников автоматы табылды.

ІІМ мәліметінше, бұл қару-жарақ қаңтар оқиғалары кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған.

Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сот оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. ІІМ тергеу және жедел іс-шаралар жалғасып жатқанын, полиция қылмыстық әрекеттің қосымша эпизодтарын және басқа да қатысы бар адамдарды анықтап жатқанын хабарлады.

Дереккөз: Inalmaty.kz