...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 10 автобус маршрутының соңғы аялдамасы өзгереді

Алматыда 17 қыркүйектен бастап 10 автобус маршрутының қозғалыс схемасы өзгереді. Себебі «Барлық» базарындағы бақылау бекеті жабылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Көлік холдингінің мәліметінше, өзгерістер №15, 44, 47, 55, 76, 95, 102, 112, 128 және 246 маршруттарға қатысты болады.

Бұл маршруттардың бақылау бекеттері «Барлық» базарының оңтүстік жағында орналасқан «Барлық базары» аялдамасына ауыстырылады. Ол қазіргі «Барлық базары» соңғы аялдамасына жетпей тұрып тоқтайды.

Жолаушыларға сапар жоспарлау кезінде өзгерістерді ескеру ұсынылады.

Айта кетейік, 12 қыркүйектен бастап Алматыда бірқатар автобус маршруттарының қозғалыс схемасы да өзгерген болатын. Кейбір өзгерістер жол жөндеу жұмыстарына байланысты.

Сондай-ақ 13 қыркүйектен бастап №51 маршруттың қозғалыс схемасы тұрақты негізде өзгерді.