...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда жүк көліктерін тоқтатуға шақырған ер адам 15 тәулікке қамалды

Алматыда әлеуметтік желіде тараған бейнеүндеуде жүк көліктерінің жүргізушілерін 1 қарашада көлікті ұйымдасқан түрде тоқтатуға шақырған ер адам сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бейнежазбада ер адам жүргізушілерді қолданыстағы шектеулерге наразылық ретінде 1 қарашада көлікті ұйымдасқан түрде тоқтатуға үндеген.

Полицейлер роликтің авторын анықтады. Ол 41 жастағы Асылжан Баймуханов болып шықты.

Сот оны рұқсат етілмеген жаппай іс-шара ұйымдастыруға шақырды деп кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)