Алматы полициясы қала көшелеріндегі электросамокаттарды реттеу жұмысының ауқымын көрсетті: айыппұл тұрағында 9 мыңнан астам самокат тұр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция өкілінің айтуынша, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокаттарды пайдалануға қатысты заңнамаға өзгерістер енгізілді. Ал 25 тамыздан бастап кикшеринг компанияларына қойылатын талаптар күшейтілді – сәйкестендіру мен сақтандырудан бастап, тұрақты бақылау мен басқаруға жіберуге дейін.
Оның сөзінше, қазір айыппұл тұрағында әртүрлі кикшеринг компанияларының 9 000-нан астам электросамокаты бар.
Азирбек кикшеринг компанияларына қойылатын талаптарға жеке тоқталды.
Оның айтуынша, самокат пайдаланушысы бұл толыққанды көлік құралы, яғни қауіптілігі жоғары құрал екенін түсінуі керек.
Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)
Қазақстанда 2026 жылғы 25 тамыздан бастап электросамокаттар үшін тротуарлар жабылғанын біз жазған болатынбыз. Сондай-ақ, жаңа Жол қозғалысын ұйымдастыру ережелері аясында Алматыда электросамокаттарды тек жеке ұтқырлық көлік құралдарына арналған арнайы белгіленген тұрақ орындарында, жол таңбаларының шекарасында қатаң түрде қалдыру қажет. Алайда жаңа тыйымдарға қарамастан, самокатшылар тротуарларда әлі де байқалады.
